Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.05.2018
Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Көктеммен бірге Қазақстан халқын ынтымаққа шақыратын – Бірлік күні де келіп жетті. Қазақстан жері әр түрлі тілде сөйлейтін, әр түрлі дінге сенетін және өз салт-дәстүрін ұстанатын баршаға адамдар үшін туған үйіне айналып отыр. Елімізде қазақстандықтардың мақтанышы болып табылатын тұрақтылық, бейбітшілік және ынтымақтастықтың тұғыры берік ұсталып келеді. 

2018 жылдың 1 мамыры күні Әуезов ауданының әкімінің орынбасары Еркебұлан Оразалин, аудан әкімі аппараты мен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Family» саябағында өткен мерекелік іс-шара барысында, аудан тұрғындары мен қонақтарын Қазақстан халқының бірлігі Күнімен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, спартакиада жеңімпаздары оқитын оқу орындарының басшыларына мақтау қағаздарын табыстады. 


Аталмыш шараға Әуезов ауданы әкім аппаратының қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының, аудан қызметтерінің, білім ұйымдарының, денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері және кәсіпорын басшылары мен ардагерлер қауымдастығы қатысты. 


Таңертеңнен қала тұрғындары отбасымен мерекені тамашалау үшін, ғажайып саябаққа қарай ағытылды. Күннің көзі де жылынып, тұрғындардың көтеріңкі көңілдеріне сай келді. Қонақтарға арналып қазақстандық эстрада жұлдыздары, көркем өнерпаздар ұжымдары және ұлттық мәдени орталықтардың (орыс, қырғыз, украина, ұйғыр, өзбек, татар, грек) қатысуымен, концерттік бағдарлама әзірленді. 


Келген қонақтарды Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрімен ауданның жоғарғы оқу орындары мен орта арнайы оқу орындарының студент жастары таныстырды. Сонымен қатар, қонақтарға арналып еліміздің тарихын сомдайтын көркем көрмелер ұйымдастырылып, спорттық жарыстар, балалардың асфальте сурет салуы өткізілді. 


Мерекелік шара соңында конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары анықталып, естелік сыйлықтармен марапатталды.

01.05.2018