Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 31 1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.06.2018
Балаларды қорғау күніне орай, «Ботақан» фестивалі өтті

2018 жылдың 1 маусымы күні, Әуезов ауданында әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы, аудан әкімінің аппараты мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырған, «Family» саябағында «Ботақан» Республикалық фестивалі кезінде, балаларды мереке күнімен құттықтап, балаларға зор денсаулық, бақытты балалық шақ пен ашық аспан тіледі. 


Фестивальдің мақсаты дарынды жас өнерпаздардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, сахна өнерінің қыр-сырларын үйрету. ІІІ Республикалық «Ботақан» фестиваліне республика бойынша бірнеше өңірлердің жас талантты жас өрендері өнер көрсетті. Мерекелік шара соңында қатысушы жас өнерпаздарға мақтау қағаздары мен жетекшілеріне алғыс хаттар табыс етілді. 


Дәл осы сәтте, орталық сахнаның сол жағында кішкентай суретшілер, асфальтқа түрлі түсті борларын жайып тастап, еліміздің тәуелсіздігі мен, «Күн әлемі» тақырыптарда өз ойларын асфальтқа салды. «Family» саябағының тағы бір жайлы бұрышында ауданның бала бақшалар тәрбиешілері 3-4 жастағы сәбилер арасында сайыс ұйымдастырды. Бұл сайыста бүлдіршіндер кішкентай кезінен бұлшық еттерін нығайту және әрқашан бірінші болу үшін жүгіру, секіру, эстафетада әрі шеңбер айналдыру бойынша жарысты. Осы бастан сәбилердің өзі үшін, өз бала бақшасы үшін деген жанкүйерлігі, күші мен құлшынысы артып тұрғаны, бір біріне жанашырлығы қаншалықты! 

Халықаралық балалар қорғау күні 1949 жылы қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясы сессиясының шешімі бойынша құрылды. Халықаралық балалар қорғау күні – бұл алдымен үлкендерге ескерту, балалардың құқығын сақтау, еркін пікірін айту, білім алу мен демалыс құқығын сақтау, күш-қуаты мен психологиялық зорлықтан қорғау, балалардың еңбегін қолданбаудан сақтау. Бұл адамгершілікті және әділетті коғамның құрастыруының қажетті шарты. 

Халықаралық балалар қорғау күні ауданда әр түрлі іс шаралар өткізуменен белгіленеді. Олардың мақсаты – бүкіл әлемдегі балалардың жағдайына назар аудару.

01.06.2018