Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.10.2019
Ж. Жабаев атындағы әдеби-мемориалды мұражайына экскурсия ұйымдастырылды

2019 жылдың 1 қазаны күні, Әуезов ауданының әкімі аппаратының қолдауымен, «Алматы қаласы Әуезов аудандық мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығы» КММ-нде қызмет алушылары Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жамбыл аулында орналасқан, Ж. Жабаев атындағы әдеби-мемориалды мұражайына барып, Жамбыл Жабаевтың өмірбаяны жайлы және өмір сүрген кезеңіндегі мағлұматтармен танысып қайтты. 


Бұл экскурсияның басты мақсаты, Орталық қызмет алушылардың тарихы құндылықтарға деген қызығушылықтарын арттыру, балалар арасындағы мәдениетті насихаттау. 

Мұражай Қазақстан үкіметінің шешімімен қазақ халқының ұлы ақыны Жамбыл Жабаев тұрған үйде 1946 жылы ұйымдастырылған. Музей экспозициясын Жамбылдың жеке заттарынан, үкімет марапаттарынан, жәдігерлерден, КСРО мен шетелдерде басылған ақын туындыларынан, сурет, мүсін мен графика, сәндік-қолданбалы өнер туындыларынан, кеңес әскерлерінің, еңбек ұжымдарының естелік сыйлықтарынан, фотографиялардан, құжаттардан, ақынның қоғамдық қызметі мен шығармашылық жолы туралы сыр шертетін 12 бөлме құрайды. 


Жамбыл Жабаев әдеби-мемо¬риал¬ды музейінің құрылу тари¬хымен, Ж.Жабаевтың немере қызы Жабаева Салтанат Тезекбақызы таныстырды. 


Іс-шара барысында Орталық қызмет алушылары мұражай аумағында өздері дайындап әкелген кішігірім концерттік бағдарламаларын ұсынып, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар экскурсия соңында музей әкімшілігі қызмет алушыларға дастархан жайып, сыйлықтарын табыс етті.

01.10.2019