Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

01.10.2019
Қарттар айлығына орайластырылған мерекелік іс-шара

2019 жылдың 1 қазаны күні, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлының қатысуымен, № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында, Қарттар күніне орай, мерекелік іс-шара өтті. 


№ 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында қазіргі уақытта 300-ден аса адам тұрады. Оның ішінде Ұлы Отан соғысы мен еңбек майданының ардагерлері де бар. Біздің бейбіт өміріміз үшін өздерінің жастық өмірлерін аямай еңбек еткен қарттарымыз үшін бұл жерде барлық жағдай жасалған. 

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қонақтарының назарына қазақстандық жұлдыздар мен ауданның көркем өнерпаздарының қатысуымен, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Майдангерлердің киген киімдеріне тағылған орден-медальдарының жарасымдылығын көріп біздің қарттарымыздың жүрегінде әлі де жастық сезімнің алауы бұрқырап тұрғандай.


Бұл жердегі ардагерлерге арналған ән-жырдың әрқайсысы осы отырған қарттарымыз өз қолдарымен жазғандай шырқалып жатты. Қаншама сұрапыл соғыстарды бастарынан өткізіп, от пен оқты тізеден кешірсе де, олардың өмірге деген оптимистік көзқарастары өзгерген емес. Олар әлі де талай игі истерге бастамашыл бола алатындықтарын әр кездесу сайын дәлелдей түскендей.

01.10.2019