Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.02.2018
Аудан әкімі тұрғындармен соңғы есептік кездесуін өткізді

2018 жылдың 2 ақпаны күні Әуезов ауданының әкімі Алтай Рақымбетов, Алматы қалалық Мәслихат депутаты Махамбет Хасенов пен АІІБ-ның жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Айдар Нагашбековтың қатысуымен, № 116 жалпы білім беретін мектеп қабырғасында аудан тұрғындарымен соңғы есептік кездесуін өткізді. 


Аталмыш кезесуге Алматы қаласының Мәслихат депутаттары, қалалық басқармалардың қызметкерлері мен аудан мекемелерінің басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, ардагерлер қоғамы мен жергелікті өзін-өзі басқару комитеттерінің төрағалары, сондай-ақ, № 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12 ықшамауданының тұрғындары қатысты. 


Алтай Рақымбетов, қала бағдарламасына сәйкес аулаларды көріктендіруге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен тұрғын үйлерді, аудан тұрғындарын жарық көздерімен, газ, жылу және ауыз сумен қамту мәселелерін және тұрғындарды қоғамдық көлікпен қамту құқықбұзушылық пен түрлі аурулардың алдын алуға қатысты шараларға да тоқталды. 

Аудандағы криминогендік жағдай бойынша Айдар Нағашбеков толық мәлімдеді. Оның айтуынша, Әуезов ауданының аумағы 14 патрульді учаскеге бөлінген. Мұнда патрульдеудің 173 маршруты құрылған. Оның 28-і көлікті, 145-і жаяу патрульдер. Әрі қарай ол жергілікті полиция қызметінің, учаскелік полиция инспекторлар мен ювеналды полиция жұмыстары туралы толық мәлімдеді. 


Кездесу барысында қатысушылар өздерінің әртүрлі мәселелері бойынша, жол жөндеу, аулаларды көріктендіруге, аудан тұрғындарын жарық көздерімен, газ, жылу және ауыз сумен қамтуға қатысты, ПИК қызметі жөнінде және тағы басқа сұрақтар қойды. 

Алтай Рақымбетов, барлық сұрақтарға жауап беріп, кейбір сұрақтардың шешімін аудан әкімінің жауапты қызметкерлеріне бақылуға алып, тұрғындардың ұсынысын жүзеге асыруды атап тапсырды. Аудан тұрғындары, әкім мен әкім аппаратының атқарып отырған жұмыстарына, алғыстарын білдіріп, бір кісідей қала тазалығы мен мәдениетін көтеруге атсалысуға шақырды.

02.02.2018