Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.03.2018
«Қыз өссе елдің көркі» атты қыз сыны аудандық байқауы

2018 жылыдың 2 наурызы күні, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлының қатысуымен, аудан әкімі аппаратының және Халықаралық қазақ-қытай тіл колледжінің ұйымдастыруымен, «Қыз сыны» аудандық байқауы өтті. 


Байқаудың мақсаты: қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, іскерлік т.б. негізінде тәрбиелеу; әр қыз баланы парасатты, жан-жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу; қыз балалардың ұжымда өзара тіл табысуы, басқа ортада өз мүмкіндіктерін көрсетуі арқылы беделге ие болуы, ұжым арасында достықты нығайту. 

Аталмыш іс-шараға Әуезов ауданы әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бекжан Қуанышев, Алматы қаласы Мемелекеттік орталық музейдің ақпарат бөлімінің редакторы Акмарал Жоланова, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын Алмас Ахметбекұлы, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірәлі Қалиасқарұлы, Қазақстан жазушылары кітапханасының директоры Елена Ағайса және тағы басқалар қатысты. 

Байқауға аудан аумағында орналасқан арнайы орта оқу орындарынан 12 қыз қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Гран-Приге Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің оқушысы Ахметжанова Айжан ие болды. І орын иесі - «Авимед» медициналық колледжінің оқушысы Алиева Жанар. Екінші орынды Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі мен Алматы қаласы Заң колледжінің қыздары Фермебай Назерке мен Қажияхмет Әсел бөліп алды. Ал үшінші орынды Алматы құрылыс-техникалық колледжінің, Нархоз университетінің Экономикалық колледжінің және № 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің оқушылары Жәнібек Жансая, Жанабаева Айдана және Қырғызбай Назгүл иеленді. 

Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтар беріліп, қыздарды дайындаған жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.

02.03.2018