Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.04.2016
Медицина қызметкерлері қайырымдылық акция өткізді

2016 жылдың 2 сәуірі күні, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының ұйымдастыруымен, партияның «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында № 10 қалалық емхананың бас дәрігері Р. У. Тоқмолдинованың және емхананың бастауыш партия ұйымының төрайымы М. С. Жамалованың басшылығымен, емханақызметкерлері – партияның белсенділері тыл еңбеккерлерінің, еңбек ардагерлерінің, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың, сонымен бірге 1 топтағы мүгедек жандардың үйлеріне барып, азық-түлік себеттері мен сыйлықтарын табыстады. 

Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшелері барлығын «Наурыз» мейрамымен құттықтап, хал-жағдайларын біліп, оларға зор денсаулық пен қажымас қайрат тіледі. Сұрапыл соғысқа қатысқан қарияларға, келер ұрпаққа бейбіт өмір мен ашық аспан сыйлағандары үшін зор алғыстарын білдірді. 

Еліміздің барлық өңірлерінде «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы жүзеге асуда. Бұл жобаның мақсаты – ардагерлерге, тыл еңбеккерлеріне, мүгедек жандарға, көпбалалы және азқамтылған жанұялаға көмек көрсету, олардың түйткілді мәселелерін шешуге қол үшын беру. 

«Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы мұндай шараларды жиі ұйымдастырып тұрады, ал «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшелері ардагерлерге әрдайым көмек көрсетуде. Ер жүрек аталарымыз бен апаларымыздың арқасында, міне, бүгін тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. 

Осындай шаралар тек мерейтойларда ғана емес, жиі-жиі болып, қам-көңіл қарттардың көңілдерін қуанышқа толтырып жатса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз.

02.04.2016