
02.04.2018
«Өз денсаулығың өз қолыңда!» акциясы өтті
02.04.2018
2018 жылдың 2 сәуірі күні, Әуезов ауданының әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қолдауымен, № 6 Қалалық емхананың қызметкерлері «Москва» ойын-сауық орталығында «Өз денсаулығың өз қолыңда!» акциясын өткізді.
Акция барысында аудан тұрғындарының қан қысымы мен қан құрамындағы қант пен холестерин мөлшерін өлшеп, терапевт пен психолог кеңестерін алды. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша 300 дана оқу-ақпараттық материалдар таратылды.