Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.10.2019
Жеке меншік балабақшалармен жиналыс өткізілді

2019 жылдың 2 қазаны күні Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов, аудандық білім бөлімінің бас маманы Ақнұр Нұралиеваның қатысуымен, № 1 жалпы білім беру мектепте, 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша және 2019-2020 оқу жылының басындағы жеке меншік балабақшалар жұмысына талдау жүргізу бойынша, кеңейтілген жиналыс өткізді. 


Жиналыс барысында Сайран Сайфеденов ағымдағы жылдың 19 тамызы күні Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен, Білім форумы өткенін атап өтті. Сол білім форумында шаһар басшысы қаланың білім беру жүйесін дамыту перспективалары мен міндеттері туралы ерекше атап өткен болатын. Жиналыс барысында өмірге дайындау, жеке тұлғаны тәрбиелеу және тұған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру керек екені айтылды. 


Іс-шараны қорытындылай келе, аудан әкімі еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын және Қала басшылығының тапсырмаларын негізге ала отырып, күрдел, әрі жауапты міндеттерді дәйекті түрде іске асыруға шақырды. Сосын тиісті шешімдер қабылданып, белгіленген мерзім ішінде орындайтын, тапсырмалар берілді.

02.10.2019