Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

02.11.2019
Ауданда үш жүзден астам ағаш отырғызылды

Жасыл желектер мен топырақ жабынын қысқыға дайындау үшін уақыт беретін, күздің соңғы айы – қараша басталды. Масштабтық #Birge #JasylQazaqstan экологиялық акциясы аясында, Әуезов ауданында бесінші сенбі ағаш отырғызылуда. 


Бүгінгі ағаш отырғызу шарасы әдеттегідей болған жоқ, өйткені көптеген жемістері бар, жабайы қызыл ранеткалар отырғызылды. Бұл ағаш көшеде өтіп бара жатқан адамдарды, әсіресе балаларды қызықтырды. 


Іс-шараға Әуезов ауданының әкімі С. Т. Сайфеденов, аудан прокуроры Б. Н. Әбрдрахманов, аудандық ТЖ бойынша бөлімінің бастығы А. Н. Сқабаев, әкім аппаратының, аудандық прокуратураның, ТЖ бойынша бөлімінің қызметкерлері, экологтар, сондай-ақ Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары қатысты. 


Көшеттер Қабдолов пен Шаляпин көшелерінің аралығында, Алтынсарин көшесінің батыс жағында отырғызылды. Бұл күні барлығы 345 ағаш, олардың 141-і канада үйеңкісі мен шетен, 104 «Эверест» сәндік алмасы және 100 қызыл долана отырғызылды. Бұл өтемдік отырғызылған ағаштарды «Фирма ЛЭУ» ЖШС (С. А. Баширский) күтіп-баптайды және суарып тұрады. 


Аудан тұрғындары мен қонақтары жаңа көшеттерге ұқыпты, сүйіспеншілікпен қарайды деген сенімдеміз. Осындай ағаш отырғызулар осы айдың аяғына дейін жалғасады.


02.11.2019