Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.01.2018
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда!» тақырыбында эстафета өтті

2018 жылдың 3 қаңтары күні, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының ұйымдастыруымен, № 5 мектеп-гимназиясында, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы мен партияның «Ұлы дала қазынасы» бағытын жүзеге асыру аясында, мектептің 20-29 және 30-40 жас аралығындағы мұғалімдер арасында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда!» тақырыбында эстафеталық жарыс өткізілді. 


Мақсаты жастар және орта буын өкілдері арасында салауатты өмір салтын насихаттап, оларды спортқа тарту, бойларына күш-қуат құйып, рухани болмысын жаңғырту. 

Іс-шараны мектептің бастауыш партия ұйымының төрайымы Сәуле Мырзабекова ашып, спорттың адам өмірінде алар орны мен маңыздылығын түсіндіріп, Қазақ елінің экономикасының өрлеуі, саяси тұрақтылығының, халықаралық беделінің артуына септігін тигізіп, стратегиялық мақсаттарымызға жету жолындағы басым бағыттардың бірі саналатындығын жеткізді. 

«Себетке дәлдікпен көздеп доп лақтыру», «мерген», «секіргішпен секіру», «доппен жүру», ұлттық ойын «арқан тарту» сияқты спорттық ойындарға негізделген бәсеке қатысушылардың қоғамдық санасын қалыптастырып, парасатының өсуіне, рухани болмысының жаңғыруына, өзара ынтымақтастық орта қалыптастырып, салауатты өмір салтын ұстануларына ықпалын тигізді. Екі команда арасында тартысты өткен эстафеталық бәсекеде төрешілердің қорытындысы бойынша 30-40 жас аралығындағы мұғалімдерден құралған топ жеңіске жетті. Олар жастарға үлгі өнегеліктің тағы бір жолын көрсетті. 

Іс-шара соңында бастауыш партия ұйымының төрайымы сынға түскен «нұротандықтарға» қоғамда ерекше маңызға ие бұқаралық спорт түрлерін ілгері жылжытуға, насихаттауға белсенділік танытқаны үшін алғысын білдіріп, рухани қолдау көрсетті.

03.01.2018