Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.01.2018
«Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері педагогтармен кездесті

2018 жылдың 3 қаңтары күні ҚР Парламенті Мәжілісі Комитетінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Серік Сейдуманов пен ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметкері, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Жамиля Нұрманбетова Әуезов ауданының № 1 мектеп гимназиясы қызметкерлерімен кездесті. 

Кездесуге Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров қатысты. 


Кездесу барысында Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы талқыланды. 

№ 1 мектеп-гимназиясының директоры Д. Джанзакова, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде білім беру саласындағы 5 қадамы жоспарланған, оның 3-і жалпы орта біліммен байланысты екенін атап айтты. Биылғы жылы мектептің 50 ылдығы екенін айтты. Өткен жылы сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілгені туралы сөз қозғады. Мектеп оқушылар мен мұғалімдерін мақтан тұтады, мектептің материалдық-техникалық базасы тиісті деңгейде екенін де айтты. 


Серік Сейдуманов өз сөзінде: «Кездесу жоспарлы екенін айтып, ұлттың жоспарын іске асыру әрдайым бақыланатынын айтты. Ол сондай-ақ заң жобаларын толығымен түсіндіріп, КСК жүйесінде тәртіпке келтіру туралы айтып берді, оның негізгі міндеті - халыққа қызмет ету екенін түсіндірді. 

Жамиля Нұрманбетова өз жұмысының негізгі міндеті әлеуметтік мәселелерге және қоғамның қажеттіліктеріне уақтылы жауап беру, ол жаңа мектептер салу және білім беру жүйесіне ақпараттық қолдау көрсету туралы әңгімеледі. Кездесу барысында жиналған ұжыммен пікір алмасып, педагогикалық ұжымның сұрақтарына жауап берді.

03.01.2018