Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.03.2018
Қарттарым – асыл қазынам

2018 жылдың 3 наурызы күні, партияның «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында, № 158 жалпы білім беретін мектепте «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында кездесу кеші өтті. 


Көнекөз қариялар салт-дәстүр сабақтастығының буыны. Ата салтымызды берік ұстанған халқымыз қашанда «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген. Осындай ізгі ниетпен ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, ардақты ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында, қала әкімі Бауыржын Байбектің бастамасымен, үстіміздегі жылдың Алматы қаласы үшін «Қарттар жылы» деп жариялануы көңіл қуантарлық жағдай. 

Өзара қолдау дәстүрі аясында, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұрболат Кушековтың, бастауыш партия ұйымының төрайымы Жадыра Исқақованың рухани қолдауымен, еліміздің өркендеуі мен дамуына күш-қайратын жұмсап, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп келген алдыңғы толқын аға ұрпақ өкілдерінің ерен еңбектері еленді. 

Ізгілікті игі іс барысында ардагерлерге «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаровтың ыстық лебізі құрметпен жеткізіліп, Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатын жүзеге асыруда, мемлекеттік бағдарламалар мен міндеттерді мүлтіксіз орындауда азаматтық белсенділік танытып, еліміздің экономикасының дамуына қосқан елеулі еңбектері үшін «Алғыс хат» табысталып, гүл шоқтары ұсынылды. 

Жасы үлкендерге көрсетілген құрметтің куәсі болған өскелең ұрпақ еліміздегі бірлік пен ынтымақтастықтың, татулықтың жарасымдылығын жалғастыра түсуге өзіндік мол үлестерін қосып жүрген қарияларымыз өткеніміз бен бүгініміздің арасын жалғастырар алтын көпір, айбарлы ақылшымыз екендігін, олардың өмірі, еңбек жолдары табылмас қазына, рухани құндылық екендігін ұғынды.

03.03.2018