Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.04.2017
Қалалық Мәслихат депутаты көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді

2017 жылдың 3 сәуірі күні, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының қолдауымен, ауданның № 12 сайлау округі бойынша Алматы қалалық Мәслихатының депутаты Ханзада Есенова мен Әуезов ауданының № 3 жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Әсет Жапақов, партияның аудандық филиалы қызметкерімен бірге, «Нұр Отан» партиясының жұмыс тиімділігін арттыру және жұмыс сапасын күшейту мақсатында, № 12 округтің үш тұрғынының үйлеріне барып, жеке мәселелері бойынша, қоғамдық көшпелі қабылдау өткізді. 

  

Көшпелі қоғамдық қабылдау – бұл тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатуға,халықтың жекелеген түрлі мәселелерін қысқа уақытта жедел шешуге және азаматтарға әртүрлі ұйымдардың жұмысы туралы қолжетімді ақпарат беруге мүмкіндік туғызатын шара. 

Қабылдау нәтижесінде № 1 ықшамаудандағы екі қарт кісіге азық-түлік түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Сондай-ақ, «Ақсай» ықшамаудан тұрғыны – еңбек майданының ардагері статусын ала алмаған зейнеткердің мәселесі де оң шешімін тапты. Мәселені шешу үшін жолданған депутаттық сауал мен жасақталған арнайы комиссияның жұмысына зейнеткер риза болып, көрсетілген көмек үшін депутатқа жеке алғысын білдірді. 

«Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөліміне аудандағы зейнеткерлер мен тұрғындар түрлі сұрақтармен тұрақты түрде жүгінетінін айта кету керек.

03.04.2017