Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.04.2017
Қоғамдық қабылдаудың І тоқсандық жұмысы қорытындыланды

«Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлімінің 2017 жылдың І тоқсандық жұмысы қорытындыланды. 

 Қоғамдық қабылдаулар «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында, 4 жергілікті қоғамдық қабылдау бөлімдерінде және қосымша алаңдар – бастауыш партия ұйымдарындағы қоғамдық қабылдау бөлімдерінде өтті. 

Әуезов ауданының әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Алтай Рақымбетов, партияның Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров, аудан әкімінің орынбасарлары Еркебұлан Оразалин, Архат Омаров, Бақытжан Рахымбеков, аудан прокурорының орынбасары Ернар Сәрсеков, қалалық Мәслихатының депутаттары Нұрлан Мұхамед-Рахимов, Александр Гарбер, Шавкет Омаров, Ханзада Есенова, Кенжехан Матыжанов пен Сергей Козлов, Алматы облысы адвокаттар алқасының адвокаты Асем Тусупова, сондай-ақ, мемлекеттік пен құқық қорғау органдардың басшылары және ауданның басқа да партия өкілдері азаматтарды жеке қабылдаулар өткізді. Барлығы 20 лауазымды тұлға азаматтармен жеке кездесті. 


Аудан тұрғындары ең алдымен әлеуметтік қолдау: материалдық көмек алуға немесе жеңілдіктер, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын-үй алу, тұрғын-үй жағдайын жақсарту, жеңілдетілген шарттар бойынша, ипотекалық несиелеу мен басқа да мәселелермен жүгінді. Жіті тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық тақырыбы да өзекті болып көрінеді. 


Тұрғындар, негізінен, ПИК жұмысына шағымданады, тұрғын-үй коммуналдық қызмет көрсету ақы төлеуге жеңілдіктер алуға, жалпы үй мүлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі бойынша сұрақтар көптен қойды. Соның ішінде азаматтар үшін ең өзекті тақырып – жұмыспен қамту және жұмыс берушінің жалақыны уақытылы төлемеуі. Азаматтар жеке мәселелерімен ғана емес, «Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ұсыныстарын да айтты. 


Негізінен, аудан тұрғындары өзінің сұрақтарына көлемді жауаптар-кеңес алды, 60 өтініш қолма-қол шешілді. Бірден шешімі болмайтын сұрақтар құзырлы органдарға жіберіліп, міндетті түрде қысқа мерзімде қарастырылады.

03.04.2017