Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.10.2018
Аудан әкімі соғыс ардагерлерінің үйлеріне барып қайтты

2018 жылдың 3 қазаны күні, Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев, орынбасары Дастан Қайратұлы мен аудандық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Бәтима Ыбыраеваның қатысуымен, аудан тұрғындары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Жанбыр Керімқұлов пен Василя Абдрахованың үйлеріне барып, Қарттар күні мерекесімен құттықтап, гүл шоқтарын және азық-түлік себеттерін табыстады. 


Жанбыр Керімқұлов 1924 жылы 11 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында дүниеге келген. Армияға 1942 жылдың тамыз айында шақырылып, қысқа мерзімді оқудан кейін, 1943 жылдың наурыз айында майданға аттанды. Соғыс жылдары 3-Украин, «Катюша» М-13, М-31, Оңтүстік-Батыс майдандары құрамында болған. Ол «І дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Соғыстағы ерлігі үшін», «Маршал Г. К. Жуков», «Будапештты азат еткені үшін», «Венаны азат еткені үшін» «Болгарияны азат еткені үшін», «Украинаны азат еткені үшін» медальдарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталды. 

Абдрахова Василя Кадимқызы 1927 жылдың 20 қазаны күні Орал облысында дүниеге келіп, коп жылдар бойы Сталинград қаласында тұрды. 1964 жылы Алматы облысына, одан 1980 жылы Алма-Ата қаласына көшіп келді. Екі ұл мен екі қыз өсіріп, жеткізіп, қазір қызының қолында тұрады. Соғыс кезінде медбике болды. 1-Украин, Сталинград майданында болды. Көрсеткен ерлігі үшін, «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «1941-1945 ж.ж. ҰОС ардагері» белгісімен, «Маршал Г. К. Жуков», «Германияны азат еткені үшін» медальдарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталды.

 

Жанбыр Керімқұлов Жанбыр Керімқұлов кездесу барысында, өзінің естеліктерімен бөлісті. «Майданда біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін!» деген басты ұранмен кескілескен майданға түсті. «Ұлы Жеңіске майдангерлердің мықты күш-жігерінің арқасында жетті. Жеңіске жету – ол шыдамдылық пен мықты тәртіптің арқасы», - деді. 

Кездесу барысында, Әнуар Өскенбаев, құрметті ардагерлермен кездесіп, олармен әңгімелсудің өзі үлкен мақтаныш екенін атап кетті. «Сіздер өздеріңіздің өмірлеріңізде, талай қиыншылықтарды бастан кешіргендеріңізге қарамастан, Ұлы Жеңіске қол жеткіздіңіздер. Сіздер қолдарыңызға қару алып Отан үшін қан майданға қатыстыңыздар. Сіздердің ерен еңбектеріңізге бас иіп, алғысымызды білдіреміз! Біз Сіздер арқылы мақтана аламыз, бүгінгі күні бейбіт өмір сүріп отырғанымызды сіздердің арқаларыңыз деп түсінеміз. Бүгінгі таңда Сіздің шаңырағыңызға жақсылық пен бақыт, тілей отырып, еліміздің тыныштығы мен амандығын, болашағымыздың бақытты болуын тілейміз. Сіздерге үлкен рақмет, ұзақ жасап, бақытты өмір сүріңіздер!», - деп аудан басшысы сөзін аятады. 

Ардагерлер аудан басшысына, өзерінің алғыстарын білдіріп, елімізге тыныштық, ашық аспан мен еңбектеріңіз жемісті болсын, деген баталарын беріп шығарып салды.

03.10.2018