Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.10.2019
«Сиверс Алма ағашы құрметке лайық» атты фестиваль өтті

2019 жылдың 3 қазаны күні, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлының қатысуымен, Алматы қаласы Білім департаменті оқушылар сарайының био-экологиялық бөлімінде, Әуезов ауданының әкімі аппаратының қолдауымен, «Сиверс Алма ағашы құрметке лайық» атты экологиялық фестиваль өтті. 


Сиверс алма ағашы – Қазақстанның мақтанышы. XVIII ғасырда, 1796 жылы неміс ғалымы Иоганн Сиверс Орталық Азияда саяхаттап жүргенде, осы ағашты алғаш рет сипаттап жазғандықтан, сол ғалымның құрметіне осы атау берілді. Ал ол туралы зерттеулерді кеңес дәуірінің ботанигі Николай Вавилов пен қазақ академигі Аймақ Жанғалиев жүргізген болатын. 


Фестивалдің мақсаты – Қазақстанның дәрежесін көтеріп қана қоймай, алма ағаштарының өсуі мен олардың жабайы түрлеріне шолу жасау, қала тұрғындарының бойына патриоттық сана мен белсенді азаматтық қасиеттерді қалыптастыру болды. 

Іс-шараға Алматы қаласы Мәслихатының депутаты Ерболат Қасымов, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының өкілдері, ауданның ардагерлері мен жастар қауымдастығы және басқа да өкілдер қатысты. 


Фестиваль аясында экскурсия ұйымдастырылды, оның барысында қатысушылар дендро саябағымен танысты. Сондай-ақ, Сиверстің алма ағаштарының көшеттері отырғызылып, фестиваль бағдарламасы бойынша кәсіби және балалар топтарының қатысуымен мерекелік концерт, «Көлемді, алтын ...» оқырмандар сайысы, «Біздің өміріміздегі ағаштар» атты шеберлік сабағы, балалардың асфальттағы суреттерінің конкурсы өтті.




03.10.2019