Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

03.03.2018
Ұлттық мәдени құндылықтардың жаңғыруы мен өркендеуі туралы

2018 жылдың 3 наурызы күні «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының ұйымдастыруымен, партияның «Ұлы дала қазынасы» жобасы аясында, № 104 жалпы білім беретін мектепте «Ұлттық мәдени құндылықтардың жаңғыруы мен өркендеуі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. 


Тұтас ұлттың мұраты – ғасырларға азық болар рухани мұра мен өзіне ғана тән төл мәдениет қалыптастыру. Бабалардан қалған ізгі дәстүрлер мен руханиятты сақтап, жаңғыртып, толықтырып отыруымыз қажет. 

Аталмыш іс-шара өскелең ұрпақтың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыра отырып, халқымыздың ертеден келе жатқан ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрді сіңіру, өз Отанына деген құрметті ояту және еліміздің болашақта өркендеуіне ұлтымыздың мәдени құндылықтарының маңызын ашып көрсетуге бағытталды. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самат Жұмабековтың жетекшілігімен жалынды жастар дөңгелек үстел басында «Рухани жаңғыру», «Ұлттық сана», «Салт-дәстүр» тақырыптарында сөз қозғап, постер қорғады. Еліміздің дамуындағы жаңалықтарды тілге тиек етті. 

Ұлы даладан Мәңгілік елге бастар жолдың бағытын айқын көрсете алды. Қазақ тарихының тамырын терең талдаған жасөспірімдер елге, мәдениетке мирасы мол мұраны жаңғыртудың жаңа әдістеріне өздерінің ойға оралымды, көңілге қонымды ой-пікірлерін ортаға салды.

03.03.2018