Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.01.2018
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарымен кездесуі өтті

2018 жылдың 4 қаңтары күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Гүлнәр Искановамен Алматы қызмет көрсету колледжінде инженерлік-педагогикалық қызметкерлермен кездесті. 


Депутаттармен бірге «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекова, Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы кадрлар бөлімінің бастығы Вера Цзин, Алматы білім басқармасы бастығының орынбасары Ляззат Жылқыбаева, Алматы қаласындағы колледждер директорлар кеңесінің төрағасы Ысхақ Нұрмұханбетов, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы Саяси Бюро мүшесі Меруерт Әйтенова болды. 


Алматы қызмет көрсету колледжінің директоры Ерұлан Қарағұлов өз сөзінде колледж даму перспективалары, жетістіктері мен жоспарлары туралы, сондай-ақ 2017-2021 жж. екі деңгейлі білім беру моделіне көшу туралы әңгімеледі. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламаға тоқталды. 

«Бәріне арналған тегін кәсіптік білім беру» және «Өнімді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы 2017-2021» жобасының шеңберінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің өзекті мәселелері бойынша Гүлмира Исимбаева мен Гүлнәр Исканова сөз қозғады. 

Кездесу барысында барысында инженерлік-педагогикалық қызметкерлерге Өнімді жұмыспен қамтуды дамыту Бағдарламасы бойынша шартты зерттеуді алып тастау және қалпына келтіру мәселелері берілді; әртүрлі санаттағы студенттерге стипендияларды тағайындау және төлеу; колледждерге арналған арнайы пәндер бойынша жоғары білікті оқытушылардың жетіспеушілігі, сондай-ақ ОУПТ сертификаттау мәселесі айтылды. 

Г. И. Исимбаева колледждің инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне жаңа өзгерістер, оңайлатулар және айыппұлдарды азайту, бюджетке төлемдер туралы түсіндірді. Г.М. Иксанова біздің еліміздің халықты ақпараттық қорғау туралы жаңа заңы туралы әңгімелеп берді. Кездесу өте нәтижелі болды, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында қолданыстағы ҰБА-ны өзгерту туралы ұсыныстар енгізу айтылды.

04.01.2018