Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.04.2017
Партияның жобасы аясында интеллектуалды марафон өтті

2017 жылдың 4 сәуірі күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының және «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының ұйымдастыруымен, «Абырой» бастауыш партия ұйымының төрайымы Екатерина Анисимованың басшылығымен, партияның «Ұлы дала қазынасы» жобасы аясында, № 116 жалпы білім беретін мектепте интеллектуалды марафон өтті. 


Марафонның мақсаты – қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеу, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру. 

Іс-шараға Әуезов ауданы әкім аппаратының жауапты қызметкерлері, партия мүшелері, мектеп ұжымы мен «Жас Ұлан» ұйымы өкілдері, барлығы 65 адам қатысты. 

Зияткерлік сайыс қатысушыларына ел тарихынан, қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтары жайлы сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілілік» атты Қазақстан халқына жолдауы мен ҚР Конституциясына енгізілген толықтырулар туралы сауалдар да берілді. 

Ұйымдастырушылар жоғары сынып оқушыларының белсенділігіне, қазақтың салт-дәстүріне қанық екеніне, елдегі саяси реформалардан да хабардарына ризашылығын білдірді. 

Партияның «Ұлы дала қазынасы» жобасы аясында мәдени көпшілік шара ауданның барлық бастауыш партия ұйымдарында жалғасып жатқанын айта кеткен жөн.

04.04.2017