Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.05.2017
Соғыс ардагерлері мен тылға қатысушыларға дастарқан жайылды

2017 жылдың 4 мамыры күні Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Оразалин, «Береке» мейрамханасында, Әуезов ауданының әкім аппаратының, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының және аудандық ардагерлер Кеңесінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік түскі ас барысында, аудандағы Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерін Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады. 


Сондай-ақ, аталмыш іс-шараға Әуезов ауданы әкім аппаратының қызметкерлері, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрайымы, партияның Саяси кеңес мүшесі Бәтима Ибраева, 9 және 12 жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағалары Талғат Мұратұлы және Әсет Жақапов және тағы басқалар қатысты. 

«Ең алдымен өздеріңізбен жүздесудің сәті түсіп отырғандығына қуаныштымын. «Әрдайым осылай сән салтанатта мәз-мәрам болып, тек қуанышта, жақсылықта кездесе берейік. Халқымыз қашанда үлкенді құрметтеп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жанашырлықпен қараған. Ол бүгін де өз жалғасын табуда, ардақты ардагерлерімізді ұмытпай, барынша көңіл бөлуге тырысып келеміз. Кешегі сұрапыл соғыс жылдары майданға от кешіп, кейінгі ұрпақ бейбіт заманда өмір сүрсін деп, балғын жастықтарыңыз бен денсаулықтарыңызды аямадыңыздар. Жаудың бетін қайтарып, соғыстан кейінгі аса қиын жылдары елдің қауқарын түзетуге барын салып, еңбек еткен де сіздерсіздер. Жауға қарсы соғысқан майдангер азаматтардың киімінен бастап тамағына дейін бәрін қамтамасыз еткен тыл жауынгерлерінің де еңбегі орасан зор болғанын баршамыз білеміз. Ел алдында сіңірген еңбектеріңіз үшін алғысымды жеткізе отырып, Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, бақыт, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!», - деді Еркебұлан Оразалин. 


Шақырылған қонақтар назарына ауданның талантты жастары мен би тобының қатысуымен, арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. 

Шараны ұйымдастырушылар мейрамхана басшылығына қолдау көрсеткендері үшін өз алғыстьарын білдіріп, жақсылық тіледі. Ал, қариялар, өз кезегінде, Әуезов ауданының әкім аппаратына, партияға, ардагерлер Кеңесіне және мерйамхана ұжымына алғыстарын айтып жатты.


04.05.2017