Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.05.2018
Соғыс ардагерлерлеріне мерекелік дастарқан жайылды

2018 жылдың 4 мамыры күні, Әуезов ауданының № 10 округі бойынша Алматы қалалық Мәслихат депутаты Кенжехан Матыжановтың бастамасымен, Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай, «OASIS» кафесінде Жеңісті жақындатқан ардагерлерге мерекелік дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.


Іс-шара барысында депутат көмекшісі Азамат Есіркеев ардагерлерді Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасып, Жеңіс туын желбіреткен аға ұрпақ біздің мақтанышымыз екендігін, аға ұрпақтың тауқымет-мұқтажы туралы ұмытпау, Жеңісті жақындатқан әрбір ардагерге қамқорлық жасау, құрмет көрсету біздің перзенттік қасиетті парызымыз екендігін шынайы жеткізді. 

Кенжехан Матыжановтың ыстық ықыласы мен лебізін жылы қабылдаған қазыналы қариялар халық қалаулысына өз ризашылықтарын білдіріп, Тәуелсіз еліміздің тұғырының биік, рухының мәңгі асқақ болуын тілеп, ақ батасын берді.

04.05.2018