Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.10.2018
«Қазақ тілінің үздік оқытушысы!» қалалық байқауы өтті

2018 жылдың 4 қазаны күндері, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында, Мұғалімдер күніне орай, қаланың орыс мектептеріндегі қазақ тілі пәнінің оқытушылары арасында «Қазақ тілінің үздік оқытушысы!» қалалық байқауы өтті. 

Байқаудың мақсаты мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, қазақ тілі оқытушыларының қоғамдық мәртебесі мен беделін арттыру, қазақ тілін үйрету ісінің сапасын арттыру болып табылады. 

Байқаудың міндеттері: орыс тілінде жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілі пәні оқытушыларының педагогикалық шығармашылықтарын ынталандыру, кәсіби біліктерін арттыру және әдістемелік шеберліктерін шыңдау, олардың озық әдістемелер мен инновациялық тәсілдерді қолдану үлгілерін анықтау және насихаттау. 

Байқау барысында оқытушының қазақ тілі кабинетінің оқыту үрдісінің әдістемесіне сай жабдықталуы назарға алынды. Әр оқытушы қазылар алқасына өзінің педагогикалық ұстанымы, шығармашылық жұмысы, әдістемелік қоры жайлы, оқыту үрдісінде пайдаланатын оқу-әдістемелік құралдары туралы 5-10 минут көлемінде баяндады, жарияланған еңбектері мен авторлық бағдарламасын, оқытушылық қызметі мен кәсіби біліктілігі туралы мараппаттау, мақтау және т.б. құжаттарын ұсынды. 

Байқау қорытындысы бойынша, ағымдағы жылдың 20-21 қыркүйегі күндері өткен, аудандық байқауда бірінші орынды жеңіп алған, Әуезов ауданының № 117 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Арайлым Атаева екінші жүлделі орынға ие болды.

04.10.2018