Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.10.2019
Аудан әкімі мұғалімдерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

2019 жылдың 4 қазаны күні Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов, Н. Сац атындағы Мемелекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театрінде өткен салтанатты шара барысында, аудан ұстаздарын төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады. 


Ұстаз – болашаққа жол бастаушы тұлға. Әр адам өмірінде ұстаздың алар орны ерекше. Өмір ағынымен бірге толассыз еңбекке үйрететін ұстаздың ұшан теңіз білімі мен берген бағыты халық игілігіне жұмсалып келе жатқандығына сан ғасырлар куә болып келеді. Берері мол аумалы төкпелі замандағы ұстаздардың ерен еңбектері әрқашан да болашақтағы шәкірттерінің еңбегімен бағаланады.


Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – Мұғалім.  

«Бүгінде елдегі білім саласының дамып-өркендеуі үшін мемлекет тарапынан барша жағдай жасалып жатыр десек артық болмас. Ал енді болашақта жүзеге асырылуға тиісті шаруалар шаш-етектен. Өздеріңізге белгілі, Елбасы қоғам алдына үлкен міндеттер қойып отыр. Соның ішінде маңыздысы – осы заманға сай білім беру жүйесін дамыту. Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызу. Осы арқылы бәсекеге қабілетті, білімді де білікті ұрпақ қалыптастыру. Бұл барша ұстаздар қауымы үшін де, ата-аналар үшін де, үлкен жауапкершілік деп білемін. Егемен еліміздің отаншыл да рухшыл ұландарын тәрбиелеудегі еңбектеріңіз сәтті болсын. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!», - деп, Сайран Сайфеденов педагогикалық қызметке зор үлес қосқан ұстаздарға құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын және гүл шоқтарын табыстады. 




Әуезов ауданы әкім аппараты аудан мұғалімдеріне арнайы қазақ эстрадасының жұлдыздарының, аудан таланттары мен би топтарының қатысуымен, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды.


04.10.2019