Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

04.12.2017
«Ән аққуын аспандатқан...» атты музыкалық әдеби-сазды кеш өткізілді

2017 жылдың 4 желтоқсаны күні, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаровтың қатысуымен, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, танымал композитор Қыдырбай Аманжоловтың шығармашылығына арналған «Ән аққуын аспандатқан...» атты музыкалық әдеби-сазды кеш өткізілді. 


Аманжолов Қыдырбай Жүсіпбайұлы 50 жылдан астам өмірін мал өнімдерін өндіру технологиясы, әрі оның сапасын зерттеу және оны өңдеу жұмыстарына арнаған белгілі ғалым, профессор, академик, 370-тен астам ғылыми, әрі көпшілікке түсінікті тілмен жазылған еңбектердің авторы, соңғы санаулы жылдардың ішінде 300-ден астам ән, 200-ге жуық күй жазған, әндері мен күйлері елге танылған және Қазақ радиосының «Алтын қорына» енген. 

Шығармашылық кештің негізгі мақсаты Қыдырбай Аманжоловтың таудан аққан бұлақтай, таза, мөлдір күйінде, бірінен соң бірі сыңғырлай төгілген табиғи әндері мен күйлерін кеңінен насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани тұрғыда тәрбиелеу, өнерге баулу, қанымызға сіңіп кеткен кейбір келеңсіз қағидағар мен түсініктерді өзгертіп, рухымызды жаңаша жаңғырту. 

Аталмыш шараға Қазақстанның көрнекті композиторы, күйші және музыка зерттеушісі Ермұрат Үсенов , «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының Саяси кеңес мүшелері, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.


Мұрат Омаров жиылған қауымды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтап, Елбасымыз, Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында шын мәнінде елге де, халыққа да және жасөспірім жеткіншектерге де, жас мамандарға да, студенттерге де ғылым қуалаған магистрлер мен РҺD- докторларға да тікелей қатысты мәселе көтерілгенін айтты. 

Бұдан әрі, Мұрат Омаров ғалым Қыдырбай Аманжоловқа Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың сындарлы саясатын жүзеге асыруда, мемлекеттік бағдарламалар мен міндеттерді мүлтіксіз орындауда азаматтық белсенділік танытып, халқымыздың ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан рухани бай мұрасы ән және күй өнерінің дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін «Нұр Отан» партиясы атынан алғысын білдіріп, Аманжолов Қыдырбай Жүсіпбайұлын «Қазақстан ғалымы» медалімен марапаттады. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалы Төрағасы Рақымбетов Алтай Ерғазыұлының ыстық ықыласын жеткізе отырып, деніне саулық, отбасына құт-береке тілеп, «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы төрағасының «Алғыс хатын» табыстады.

Шығармашылық кеште Қыдырбай Аманжоловтың «Домалақ ана», «Жалғыз аққу», «Еркін дала, еркің қайда?», «Әз аға», «Анама», «Әдемі» атты күйлері, «Аққу әні», «Сары бел», «Туған ел», «Бетховен», «Адал жар» әндері, сондай-ақ «Бұлбұлдың мұңы», «Жүр қалқам», «Қазынам бар» сияқты дәстүрлі әндері жас әншілер мен күйшілердің орындауында тыңдалды.

«Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы рухымызды жаңаша жаңғыртуға бағытталған шығармашылық кештің шарықтай түсуіне атсалысқан жас өнерпаздар мен студенттерге «Нұр Отан» партиясы атынына ризашылығын білдіреді.

04.12.2017