Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.01.2018
Аудан әкімі 7 есептік кездесу өткізбек

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2005 жылдың 6 сәуіріндегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының есептік кездесулері» Қаулысы бойынша 2018 жылдың 15 қаңтарынан бастап, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Алтай Рақымбетовтың 7 есептік кездесуі өтеді. 

Әуезов ауданында үлкен өзгерістер болып, көптеген істер атқарылғаны туралы кездесулерде аудан әкімі халықтың көкейінде шешімін таба ала алмай жатқан өзекті мәселелерге үлкен көңіл бөлмек. 

Аталған кездесулерге Әуезов ауданы бойынша Алматы қалалық Мәслихат депутаттары, Алматы қаласы әкімдігінің, қалалық басқармаларының өкілдері, аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат бөлімінің бастықтары, қалалық басқармалардың аудандық бөлімдер бастықтары, ардагерлер қауымдастығы мен жергілікті өзін өзі басқару комитеттерінің төрағалары қатыспақ. 

Алтай Рақымбетовтың 7 есептік кездесулері келесі мекен жайларда өткізіледі: 

1. 2018 жылдың 15 қаңтарында, «Жетісу-1» ықшам ауданы, № 32 «А» үйінде орналасқан Қазақ қатынас жолдары университетінде, сағат 10.00-де басталады; 

2. 2018 жылдың 18 қаңтарында, «Достық» ықшам ауданының Садуақасов көшесі, № 27 үйінде орналасқан № 153 жалпы білім беретін мектепте, сағат 10.00-де басталады; 

3. 2018 жылдың 22 қаңтарында, Алтынсарин даңғ., № 54 ғимаратында орналасқан № 2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасында, сағат 10.00-де басталады; 

4. 2018 жылдың 24 қаңтарында, Төле би көш., № 287 «А» үйінде орналасқан Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінде, сағат 10.00-де басталады; 

5. 2018 жылдың 27 қаңтарында, «Мамыр» ықшам ауданы, Степная көшесі, № 8 үйінде орналасқан № 158 жалпы білім беретін мектепте, сағат 10.00-де басталады; 

6. 2018 жылдың 31 қаңтарында, Жандосов көш., № 65 үйде орналасқан Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінде, сағат 10.00-де басталады. 

7. 2018 жылдың 02 ақпанында, № 8 ықшам ауданы, № 46 үйінде орналасқан № 116 жалпы білім беретін мектепте, сағат 10.00-де басталады.

05.01.2018