Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.05.2017
Отан қорғаушылар күніне орай мерекелік іс-шара өтті

2017 жылдың 5 мамырында, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Оразалиннің қатысуымен, НАРХОЗ Университетінің стадионында Қазқастан Республикасының Отан қорғушылар күніне және ҚР Қарулы Күштерінің 25-жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті.


Аталмыш шараға ауданның арнайы орта оқу орындары мен жалпы білім беру мектеп оқушылары қатысты.

Шара барысында әйгілі, танымал композиторлардың тақырыптық әрі патриоттық өлеңдері шырқалып, Б. Момышұлы атындағы Республикалық әскери мектеп-интернаты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары дайындаған қойылымдарын көрсетті.


1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті.


Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару–жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді.

05.05.2017