Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.05.2018
Соғыс ардагерлерлеріне қайырымдылық түскі ас берілді

2018 жылдың 5 мамыры күні, Алматы қалалық Мәслихат депутаты А. Гарбердің бастамасымен, Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай, «Пещера» кафесінде Жеңісті жақындатқан 30 ардагерлерге қайырымдылық түскі ас берілді. 


Іс-шара барысында Әуезов ауданының жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің төрағалары Талғат Мұратұлы және Әсет Жапақов ардагерлерді Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтап, екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасып, Жеңіс туын желбіреткен аға ұрпақ біздің мақтанышымыз екендігін, аға ұрпақтың тауқымет-мұқтажы туралы ұмытпау, Жеңісті жақындатқан әрбір ардагерге қамқорлық жасау, құрмет көрсету біздің перзенттік қасиетті парызымыз екендігін шынайы жеткізді. 

Ұйымдастырушылардың ыстық ықыласы мен лебізін жылы қабылдаған қазыналы қариялар депутат пен аудан басшылығына өз ризашылықтарын білдіріп, Тәуелсіз еліміздің тұғырының биік, рухының мәңгі асқақ болуын тілеп, ақ батасын берді.

05.05.2018