Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.05.2018
Мүгедектерді бейімдеу орталығында мерекелік шара өтті

2018 жылдың 5 мамыры күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының қолдауымен, Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру мақсатында,Отан қорғаушылар күніне әрі Ұлы Жеңістің 73-жылдығына орай, аудандық мүгедектерді бейімдеу және оңалту орталығының басшылары «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы күн» атты мерекелік іс-шара өткізді. 


Аталмыш іс-шараның мақсаты – патриотизм, ерлік, Отанға деген сүйіспеншілікті, біз үшін жеңіске жеткен адамдарға құрмет көрсету болып табылады. 

Іс-шара фашизмге қарсы күресте құрбан болған батырларды еске алу мақсатында, бір минут үнсіздікпен басталды. Орталықтың әйелдер қауымы барлық отан қорғаушыларды мерекелерімен құттықтап, өз ақ тілектерін білдіріп, 7 мамыры күні Қазақстан Республикасында Отан қорғаушылар күні екенін атап айтты. Бұл күн қазақстандықтардың батырлық бейнесін, шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығын қамтитын мереке. Бұл мереке Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін және имиджін ел ішінде де, одан тыс жерлерде де арттыруға бағытталған. Бұл мереке – ең маңызды, әсерлі және керемет мерекелердің бірі болып табылады. 

Іс-шара барысында 18 жастан асқан қызмет алушылар ән айтып, би билеп және тақпақтарын айтып, өз өнерлерін орт аға салды.

05.05.2018