Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.07.2018
Ауданда Астана күнінің 20 жылдығы аталып өтті

2018 жылдың 5 маусымы күні, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлының қатысуымен, «Фэмели» саябағында Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай, мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. 


2008 жылдың 18 маусымында Мәжілістің бірінші кеңесінде депутаттар әлеуметтік-мәдени комитеттің ұсынған «Қазақстан Республикасындағы мерекелер» туралы заңға өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады. Заң жобасында 6 шілде күнін Астана күні – мемлекеттік мерекелік күн жасау. «Мереке халық үшін тарихи-мәдени маңызы бар, Қазақстан Республикасының жетістіктерінің символы болады» делінген комитеттің қорытындысында. 

Астананың бұрынғы атаулары: Ақмола 1830-1961 жж., Целиноград 1961-1992 жж., Ақмола 1992-1998 жж. 1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Республика елордасы Ақмоланың атын Астанаға ауыстыру туралы жарлыққа қол қойды. Астанада елорда күніне арналған басты мерекелік шаралар өтеді, олар сонымен қатар мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтің туылған күніне де орайластырылған. 

Аталмыш іс-шара барысында Әуезов ауданының тұрғындары мен қонақтарына арнайы, жас әртістер мен ауданның жас таланттарының қатысуымен, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.


05.07.2018