Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.09.2018
Перзентханада «Таза қолдар!» акциясы өткізілді

2018 жылдың 5 қыркүйегі күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының қолдауымен, аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері № 5 қалалық перзентханада медицина қызметкерлері мен емханада жатқан жүкті әйелдер арасында «Таза қолдар!» атты акциясын өткізді. 


Акцияның негізгі мақсаты – медициналық қызметкерлеріне қолды дұрыс күтуін көрнекі құралдармен көрсетіп, салауатты өмір салтының насихатталуына ықпал етіп, ең бастысы қол арқылы берілетін ауруханаішілік жұқпаларды алдын алу. 

Акция барысында, қолды дұрыс жуу қозғалыстардың жүйелілігі бойынша Еуропалық стандарттың EN-1500 әдістемелік ұсыныстарына сәйкес көрсетілді. Медициналық қызметкерлердің қолын дұрыс жуу, өңдеу көрсетілімі флэш-моб түрінде жүргізілді. Осыған қоса, аналарға және медициналық қызметкерлерге жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша буклет, ескертпе қағаздары таратылып, салатауатты өмір салтын ұстану бойынша кеңес берілді. 

Өткізілген «Таза қолдар» акциясы жұмыстың тиімділігін артыра отырып вирусты гепатит А, ішек және респираторлық инфекциялардың төмендеуіне ықпал ететінің көрсетті.

05.09.2018