Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.10.2018
Мұғалімдер арасында волейболдан жарыс өтті

2018 жылдың 5 қазаны күні, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы, «Жаңа ғасыр» № 175 жалпы білім беру мектебінің спорт залында волейболдан өткен жарыс барысында, аудан аумағында орналасқан арнайы орта білім беру мекемелері мен жалпы білім беру мектеп ұстаздарын Мұғалімдер күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. 


Жарыстың басты мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын дамыту және жетілдіру болып табылды. 


Жарысқа Әуезов ауданы аумағында орналасқан 12 білім ордасының жүзден астам оқытушысы қатысты. Ойын қорытындысы бойынша бірінші жүлделі орынға Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі ие болды. Екінші орынды «Жаңа ғасыр» № 175 жалпы білім беру мектебінің мұғалімдері жеңіп алса, үшінші орынға № 104 жалпы білім беру мектебінің ұстаздары иеленді. Жеңімпаздар аудан әкімінің грамоталармен және сыйлықтарымен марапатталды.

05.10.2018