Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.11.2018
ЖОО және АООО-ның педагогтары арасында волейболдан жарыс өтті

2018 жылдың 5 қарашасы күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жасұлан Иманбековтың қатысуымен, Қазақ қатынас жолдары университетінде аудан аумағында орналасқан жоғары және арнайы орта оқу орындарының педагогтары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. 


Аталмыш іс-шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын дамыту және жетілдіру болып табылды. 


Аталмыш сайысқа 15 оқу орынынан жүзден аса мұғалім қатысты. Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар коледжінің мұғалімдері дене шынықтырудан дайындықтары жоғары екенін көрсетіп, бірінші жүлделі орынға ие болса, екінші орынды Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжінің ұстаздары иеленді. Ал, үшінші орынды Алматы қызмет көрсету және тамақтану саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің қызметкерлері еншіледі. Жеңімпаз командаларға аудан әкімінің мақтау грамоталары мен естелік сыйлықтар табысталды.

05.11.2018