Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

05.12.2017
«Алтын қақпа» интеллектуалды сайыс өткізілді

2017 жылдың 5 қарашасы күні, «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының бастамасымен, партияның «Ұлы дала қазынасы» бағыты аясында, № 122 жалпы білім беретін мектепте «Алтын қақпа» интеллектуалды сайыс өткізілді. 


Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын ояту, туған жерге, ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа баулу және рухани қолдау көрсету. 

Мектептің бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлжамал Ахметова сайысқа қатысушыларды қарсы алып, жас жеткіншектерге білім сайысында сәттілік тіледі. 

Үш кезеңнен тұратын білім бәсекесінде оқушылар әр түрлі тақырыптағы тапсырмаларды тиянақты орындады. Логикалық есептер шығаруда, ребус шешуде, мақал-мәтелдерді толықтыруда тапқырлық танытқандар «тас қақпадан» сүрінбей өтіп, күміс қақпаны ашты. «Күміс қақпа» біреулер үшін ырыс қақпа, ал біреулер үшін тыныш қақпа болды. Бұдан әрі, «Көңілді күн» атты сергіту сәтінен жаңаша серпіліс алып, әрі жігерлене түскен жас жеткіншектер білім бәсекесіндегі қабілеттіліктерін «Алтын қақпада» байқатты. 

Ел Тәуелсіздігімен байланыстырыла өткізілген сайыс жастарды ұйымшылдыққа, өзара ынтымақтастықққа баулыды. Әділ қазылардың әділ шешімімен, әрі бастауыш партия ұйымының рухани қолдауымен интеллектуалды сайыс жеңімпаздары мектеп әкімшілігінің мақтау қағаздарымен марапатталды.

05.12.2017