Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.02.2018
Қалалық Мәслихат депутаты медицина қызметкерлерімен кездесті

2018 жылдың 6 ақпаны күні Алматы қаласы Әуезов ауданының № 12 округі бойынша Мәслихат депутаты Кенжехан Матыжанов, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының мән-мағынасын тереңірек түсіндіру мақсатында, № 10 қалалық емхананың медицина қызметкерлерімен кездесті. 

Кездесу барысында Кенжехан Матыжанов Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді түсініп, түйсініп қана қоймай бағдарламалық құжатта көрсетілген міндеттерді бірлесіп атқаруға шақырды. Ол маңызды құжаттағы «...Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жетеді», - делінген Елбасының сөзін әңгімеге арқау ете келе, төртінші революцияның еңбек нарығымен қатар, өмір сүру салтын түбегейлі өзгертетіндігіне дайын болу біздің басты міндетіміз екендігін айрықша атап өтті. Жолдаудың басым және маңызды 10 бағытының барлығы жаңа заман талабына сай, елді дамытуға бағытталған қадамдар. Ендеше, Елбасының Жолдауында аталған тапсырмаларды елімізде әрбір саланың мамандары міндетті түрде жүзеге асыруы қажет» - деді. Әсіресе, жаңа құжаттың 10-шы тарауында айтылғандарға ерекше тоқталды. «Ақылды қала» – ақылды басқару, ақылды адамдар, ақылды орта, ақылды экономика болып табылатындығын, болашақта әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түсетіндігін, сондықтан ақылды қалаға жаңа, әрі сапалы дамытуды қамтамасыз ететін ақылды шешім қажет болатындығын да жасырмады. 

Кездесу соңында, Кенжехан Матыжанов жиналғандарға бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына қосылу мақсатына қол жеткізуде сала мамандары үшін жайбарақаттылық дегеннің болмау керектігін жеткізді. Ол үшін басты байлығымыз – ұлттық құндылықтарымызды бағалап, қанымызға сіңіп кеткен кейбір келеңсіз қағидағар мен түсініктерді өзгертіп, ұлттық рухымызды жаңаша жаңғырудың маңыздылығын ұғындырды.

06.02.2018