Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
28 29 30 31 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.02.2018
Партияны жаңғырту процесіндегі БПҰ-ның рөлі

2018 жылдың 6 ақпаны күні Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінде партияны жаңғырту процесіндегі БПҰ-ның рөлі жөнінде «Партия – бұл біз!» тақырыбында бастауыш партия ұйымдары мен партия белсенділерімен «дөңгелек үстел» өтті. 

Аталмыш шараға «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының Саяси кеңес мүшесі, колледж директоры Е. С. Қарағұлов, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен төрайымдары, партия белсенділері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері қатысты. 

Е. С. Қарағұлов партиялық жаңғырудың нақты жоспарымен таныстырып, Қазақстанның экономикалық, саяси және рухани салаларында жаңғыртуды қолдай отырып, жетекші саяси күштің рөлін арттыруға бағытталған жеті бағытқа жеке-жеке тоқталып өтті. «Партия – бұл біз, мұғалімдер, дәрігерлер, жұмысшылар. Біз ел тағдырына жауап береміз. Партия ең алдымен жағдайды жақсарту және дамыту мақсатында үнемі экономика мен саясатта ауқымды реформаларды жүзеге асырады. «Нұр Отан» партиясы – барлық жауапкершілікті білетін саяси күш ретінде ұлттық патриотизмге жетуге баса назар аударатындығы мен партияны жаңғырту және оның саяси жұмысына жаңа үлгілер мен әдістерді қолдану керектігі туралы айтты. 

Іс-шараға қатысушылар тақырып аясында, пікір алмасып, үшін басты байлығымыз – ұлттық құндылықтарымызды бағалап, қанымызға сіңіп кеткен кейбір келеңсіз қағидағар мен түсініктерді өзгертіп, ұлттық рухымызды жаңаша жаңғырудың маңыздылығын ұғындырды.

06.02.2018