Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.03.2018
Тұрғындар арасында туберкулез жұқпасының алдын алу туралы акция өтті

2018 жылдың 6 наурызы күні, Әуезов ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандарының ұйымдастырумен, № 18 қалалық емхананың медициналық дәрігерлерінің қатысуымен, аудандағы «Таугүл» мешітінің аумағында тұрғындар арасында флюорографиялық тексеру жүргізу арқылы туберкулез жұқпасын ерте анықтау, алдын-алу мақсатында, акция өткізілді. 

Акция барысында Әуезов ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің маманы М. З. Досмухаметова мешітке келген және жолдан өтіп жатқан адамдарға жыл сайын өз уақытында флюорографиялық тексеруден өту қажеттігі жөнінде ақпараттар айтып, үнқағаз бен брошюралар таратты. 

Тұрғындарға туберкулез жұқпасының клиникалық белгілері, алдын-алу шаралары, сонымен қатар ата-аналарға перзентханада БЦЖ екпесінен медициналық қарсы көрсетілім салдарынан екпесіз шыққан балаларды тұрғылықты мекен жайы бойынша орналасқан аумақтық емханаларында екпе алуын қадағалау, профилактикалық егулердің пайдасы, вакцинациялаудан бас тартудың салдарларынан болатын асқынудың ауырлығы жайында айтылды.

06.03.2018