Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.03.2018
Өз комиссарын іздеген ұлағатты ұстаз

2018 жылдың 6 наурызы күні «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалында өз комиссарын іздеген ұлағатты ұстаз, «Қазақша күрестен» Қазақ ССР-ның тұңғыш спорт шебері, Қазақтан Спортакиадасының чемпионы және жүлдегері, қазақ күресіне қосқан үлесі үшін «Барыс» төсбелгісінің иегері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Абекбаев Қуаныш Ахметқалиұлы қонақта болды. 


Қазақта «Ұстаз ұлы тұлға», «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла» деген ұлағатты сөз бар. Шәкірт үшін ұстаздың орны бөлек. Өйткені, ұлылық ұстаздан дариды. 

Партияның «Ұлы дала қазынасы» бағыты аясында болған бас қосу барысында «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының тумасы, спортта да, өмірде де өзінің, өзі секілді сан қыранның қанатының қатайып, олардың биікте самғауына сепші болған, шәкірт бойына ұлылықты ұялатқан ұлағатты ұстаз Қуаныш Абекбаевтың спорттағы жетістіктері мен жастарға үлгі-өнеге боларлықтай адами, ізгі қасиеттері жайында кеңінен, әрі көңіл толқыта әңгімелеп, «Қазақша күрестен» тұңғыш спорт шебері, бүкіл ғұмырын болашақ ұрпаққа арнаған ардақ тұтар ұстазы Қуаныш Абекбаевқа құрметпен сөз берді. Бұдан әрі, шәкірті, бүгінгі таңда Мұрат Омаровқа қарап «құрметті комиссар» деп сөз бастаған күрестің көшін ілгері тартқан тарлан аға «Осының бәрі табан ет, маңдай термен ғана емес, ақыл-ой, асқақ рухтың жемісі», - деді. 

70 жасты желкелеген абзал ағаның «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» осылай жеткізген сүбелі сөзінің астарының тереңде екендігін Мұрат Омаров туралы суретті естеліктерге қарап сыр шерткенде, бұдан бөлек Омаров Мұрат Сағатұлын «комиссар» деп атауының да тегін еместігін ұғындық. Қалай? Шәкіртін осылайша атауының себебі неде екен? 

Өткенге оралайық. Семей қаласында бір кездері аты дүниежүзіне әйгілі жүн-тері техникумы болған. Абекбаев Қуаныш Ахметқалиұлы аталмыш оқу орнында денешынықтыру пәнінің мұғалімі, әрі осы техникумның жастарды еңбекке баулу бағыты бойынша меңгеруші қызметін атқарған. Сондай-ақ, қатарынан он жыл бойы студенттік құрылыс отрядының тұрақты командиры болды. Сол кездері талай жастарды еңбекке, спортқа баулыған ұстаз Қуаныш Абекбаев басқарған отрядтың комиссары студент Мұрат Омаров болды. Отряд комиссары Мұрат Омаров идеология саласы бойынша отряд жастарының жұмысын жолға қойды. 

Командир Қуаныш Абекбаев жастайынан жаңа идеяларымен, жаңаша көзқарастарымен, ерекше көшбасшылық қасиетімен танылған комиссар Мұрат Омаровтың өжеттілігін, алғырлығын, еңбекқорлығын ерекше бағалап «комиссарым» деп атап кеткен-ді. Міне, содан бері қаншама жылдар өтсе де, сүйікті шәкірті Мұрат Омаров қайда қызмет жасаса да, кім болып қызмет атқарса ұлағатты ұстаз Қуаныш Абекбаев үшін «комиссар» болып қала беретіндігін осылайша тілге тиек етті. «Ерім» деп ел таныған қазақтың мақтан тұтар ұлы Абекбаев Қуаныш аға ұстаздың еңбегінің еш кетпегендігін алға тарта отырып, қашанда шәкірттерімен мақтанатындығын, солардың ішінде ой-өрісі, парасаты жағынан өз қатарынан озық тұратын, жастайынан алғыр да зерек, қайсар да өжет, көшбасшы шәкіртінің бүгінде Алматы қаласында, «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы Төрағасының бірінші орынбасары қызметін абыроймен атқарып отырғандығын, көшбасшы ретінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатын жүзеге асыруда қажырлы еңбек етіп, еліне, халқына пайдасын тигізер азамат болып қалыптасқандығын мақтан тұтатындығын баяндап, комиссарын арнайы іздеп келгендігін жеткізді. 

«Батаменен ел көгерер» дегендей, кезінде «Молдабай палуандай «жүректі, білекті, жілікті» болсын» деп жеңіс тұғырынан көрініп жүрген палуан Айбекке, Мұхитқа, Кубалық спортшы Брайсонға, Монғолиялық спортшы Алтангерейге ақ батасын берген батагөй қария Абекбаев Қуаныш Ахметқалиұлы комиссар Мұрат Омаровқа, сонымен қатар филиал мамандарына және барша «нұротандықтарға» ақ батасын берді. 

Қайбір өнердің болмасын оның бағасына ештеңе жетпейді. Адамзат баласы қай кезде де болмасын, одан зор рухани ләззат алып, өзінің өмірге деген іңкәр көңілін, құштарлығын арттырып отырған. Рухани жаңғыруымыз үшін өнердің маңызды рөл атқаратыны белгілі. 

Қазақ елінің рухын әлемге паш етер спорт өнері жасасын, оның майталман тарландары жасасын деген ізгі ниетпен, осы жолы жасы кішіге көрсетілген шынайы құрметтің куәсі болған біздер, филиал мамандары, алыстан ат терлетіп келген ұлағатты ұстаз, палуандар тарихында аты әйгілі спорт көсемі атанған Абекбаев Қуаныш Ахметқалиұлына шын жүректен деніне саулық, еңбегіне табыс, отбасына құт-береке тіледік.

06.03.2018