Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.03.2018
Аудан әкімі әйелдерді көктем мерекесімен құттықтады

2018 жылдың 6 наурызы күні, Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында, Әуезов ауданының әкімі Алтай Рақымбетов, Алматы көпсалалы колледжінде, ауданның қыз-келіншектерін 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтады. 


Алтай Рақымбетов, 8 наурыз – біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі екенін айтты. Табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек. «Әйелдер – әлемге мейірім мен жаңа өмір сыйлаушы нәзік жан иелері. Әрбір шаңырақтың шаттығын жарастырып отырған аяулы жандарға зор құрмет көрсету қай ұрпақтың да перзенттік парызы болып қала бермек. Отбасының ынтымағын сақтаушы аналардың орны қоғамда ерекше. Құрметті аяулы жандар! Табиғат – ананың жаңарып, мейірім шуағын ала келетін көктемнің алғашқы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Сіздер бұл өмірге тек ізгілік пен жылылық, мейірім мен шуақ сыйлаушы жандар ғана емес, тіршілік атаулының ең асыл қазынасы деген құрметке лайықсыздар. Бiздiң халқымыз ежелден әйел затын ар-намысына балап, ерекше қадiрлеген. Тарихымызда үйдiң иесiне ғана емес, елдiң киесiне айналған асыл аналар өте көп болған. Мен сiздердi сол аналардың бүгiнгi жалғасы, соңында қалған айшықты iзi деп санаймын. Залалы көп заманда бiздiң қыздарымыз қиындыққа да төзiп, үнемi қайсарлық танытып отырған. Шаңырақтарыңызға шаттық, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Арман-тілектеріңіз орындалсын. Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында биік белестерге бірге жетейік!», - деп ізгі тілегін білдіріп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму саласына еңбегін қосқан азаматтарды мақтау қағаздарымен марапаттады. 


Сосын көпбалалы екі анаға «Күміс алқа» төс белгілерін табыстады. 


Мереке соңы қазақстандық белгілі әртістердің, «Салтанат» би ансамблінің қатысуымен дайындалған, концерттік бағдарламаға ұласты.


06.03.2018