Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.04.2017
Мемлекеттік рәміздерің 25 жылдығына арналған іс-шара

2017 жылдың 6 сәуірі күні, Әуезов ауданының әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен, «Сары-Арқа» кинотеатрының артындағы гүлзарда жастар арасында флеш-моб өтті. 


Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы аясында мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, дәріптеу. 

Шараға Алматы мемлекеттік сервистік қызмет көрсету колледжі, Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі, Алматы құрылыс-техникалық колледжі, № 2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжі, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің 200 студенті қатысты. 


Іс-шара барысында әр оқу орны мемлекеттік рәміздерге және отанға деген патриоттық сезімдерін спорттық би қойылым қою арқылы көрсетті. Әр қойылым қазақ халқына, отанымызға және дәстүрлерімізге деген сүйіспеншілікпен орындалды. 


Шараның соңында барлық қатысушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ұлықтағаны және белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

06.04.2017