2020 жылдың 13 шілдесі
Қазақстан Республикасындағы
ұлттық аза тұту күні
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
31 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 1 2 3 4
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.10.2017
«Қазіргі замандағы әйелдің орны» атты «дөңгелек үстел» өтті

2017 жылдың 6 қазаны күні, Әуезов ауданы әкім аппаратының және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастырумен, Ә. Қастеев атындағы бейнелеу өнері және техникалық көркемдеу мектебінің еңбек ұжымында, білім беру ордалар әйелдер-басшыларының қатысуымен, «Қазіргі замандағы әйелдің орны» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. 


Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, мектеп директоры Ханзада Есенова мұғалімдер күнімен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тіледі. Сонымен қатар, әйелдер қоғамдастығының рухани жаңару мен дінаралық түсінімді дамытуда әйелдер қауымының үлесі орасан зор екенін айтып өтті. «Бүгін әйелдің мәртебесі қоғам дамуында өсті, себебі барлық мемлекеттік саясат азаматтылыққа, отансүйгіштікке үйретеді, осы орайда маңызды орын иесі әйел – ең бірінші ана, ошақ иесі болып табылады. Төзімділікті, өзара сыйластықты тәрбиелеу негізі отбасында қаланады. Бұған дін ықпал етеді, өйткені дін әйелдер атымен тікелей байланысты. Бұл егіз ұғымдар, оның негізін құрайтын адамгершілік пен рухани тәрбиелі адам», - деді ол нық сеніммен. 

«Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының Саяси кеңесінің Бюро мүшесі, «Игілік» Республикалық отбасы журналының бас редакторы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Мұғалімдер қоғамның» бас хатшысы Меруерт Айтенова «дөңгелек үстел» тақырыпбы бойынша қойылған сұрақтарға толықтай жауап берді. «Өз кезінде Оноре де Бальзак: «Ұлт болашағы – ананың қолында», - деп жазған. Қазіргі заманғы қоғамда ана рөлі туралы айтылған дәл пікір. Ана қандай бала тірбиелеп өсірсе, қағам және ұлтымыздың болашағы дәл осыған байланысты болады», - деп айтып өтті.

Осы тақырыпта тағы да көптеген пікірлерді, тұжырымдарды, ең өзекті мәселелерді дөңгелек үстел барысында қызу талқыға салды. Барлық қатысушылар пікірі бір жерден шығып, барлық адамзат Ананың қолынан нәр-су алатыны, қоғамдағы ананың алатын орны орасан зор екендігі айтылды. Іс-шара өте қызықты және тартымды өтті.

06.10.2017