Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.10.2019
«Достық» ықшамауданында футбол турнирі өтті

2019 жылдың 6 қазаны күні, Әуезов ауданының № 2 жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Миршат Баратовтың қатысуымен, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, «Достық» ықшамауданының спорт алаңында, 2005-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында футбол турнирі өтті. 


Аталмыш іс-шараның басты мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына Жолдауын, «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылықтарын дамыту және жетілдіру болып табылды. 


Сайысқа, «Достық», «Қалқаман» және «Алтын Бесік» ықшамаудандарының жасөспірімдерінен құрылған, 10 команда қатысты. Қатысушылар дене шынықтырудан дайындықтары жоғары екенін көрсете білді. Жеңімпаз командаларға аудан әкімінің мақтау грамоталары мен естелік сыйлықтар табысталды.

06.10.2019