Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
29 30 31 1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 1 2
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.11.2018
Мемлекеттік тілдегі құжат айналымын ұлғайу туралы кеңес өтті

2018 жылдың 6 қарашасы күні Алматы қаласы Әуезов ауданы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында, «Мемлекеттік тілдегі құжат айналымын одан әрі дамыту туралы» 28.04.2017 ж. № 28-Ө бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Алматы қаласы ҚДС департаментінің 30.10.2018 ж. № 722-Ө бұйрығын орындау бойынша, семинар-кеңес өтті. 

ҰҚЖжМ бөлімінің бас маманы Б. Қ. Бекетова шараны өткізудің мақсаты, ҚР ДСМ Әкімшілік департаментінің 2018 жылғы 16-22 қыркүйекте Алматы қ. ҚДС департаментінде жүргізілген тексерулеріндегі зерделеу мен талдауының қорытындысын орындау бойынша бұйрыққа сәйкес, іс-шараларды жүзеге асыру екенін айтты. «Ендігі жерде шығыс және ішкі құжаттар тек қана мемлекеттік тілде, қажет кезде ресми тілдегі нұсқасымен рәсімделеді. Бұл талап орындалмаған жағдайда, Департаментте орындаушылық тәртібі бұзылған болып тіркеледі», - деді ол. 

Бөлім басшысы А. М. Абишева, басқармадағы мемлекеттік тілде іс-жүргізудің жағдайына жан-жақты талдау жасап, кемшіліктерді жоюдың жолдарын ұсынды. Қызметкерлер алдағы уақытта мемлекеттік тілдегі құжат айналымының көлемін көбейтетін болып келісті.

06.11.2018