Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.11.2018
Ауданда Елбасының Жолдауы талқыланды

2018 жылдың 6 қарашасы күні «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалында өткен жиналыс барысында, Елбасы Жолдауының «Өмір сапасын арттыру» бөлімін жүзеге асыру бойынша, ауданның бас дәрігері Роза Тоқмолданова баяндады. 


Жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесі мен партиялық бақылау комиссисының мүшелері және денсаулық сақтау бөлімдерінен құралған бастауыш партия ұйымдары төрағалары қатысты. 

«Маған денсаулық сақтау саласының өкілі ретінде әлеуметтік сала мен жалпы медицинаның дамуына қатысты айтылғандардың барлығы маңызды. Медициналық қызметтердің сапасы халықтың әлеуметтік жағдайының маңызды компоненті болып табылады», - деп, Роза Тоқмолданова Жолдау бөліміне ерекше тоқталып өтті. 

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың биылғы Жолдауы елді одан әрі жаңғыртудың маңызды стимулы болып табылады. Жолдаудың жан-жақты сипаты елдің барлық азаматтарының оны іске асыру жұмысына белсенді қатысуын талап етеді. Әуезов ауданының медициналық қоғамдастығы Президенттің алға қойған міндеттерінің бірі 2020 жылға қарай бүкіл халық үшін электрондық денсаулық төлқұжатын қалыптастыру, кезектерді, бюрократияны жою және қызмет сапасын арттыру бойынша жұмыстар атқарып, жүзеге асыра бастады Қазіргі таңда аудан тұрғындарының 90 %-ның электронды денсаулық төлқұжаттары бар.

06.11.2018