Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.12.2017
«Абайлаңдар, балалар!» тақырыбында топтық сайыс өткізілді

2017 жылдың 6 желтоқсаны күні, «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалының бастамасымен, № 122 жалпы білім беретін мектепте партияның «Бақытты балалық шақ – бақытты отбасы» жобасы аясында, 3-сынып оқушылары арасында «Абайлаңдар, балалар!» тақырыбында топтық сайыс өткізілді. 


Мақсаты – жас жеткіншектердің көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан түйсіктерін кеңейту, жол қауіпсіздігін есте сақтауға тәрбиелеу. 

Мектептің бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлжамал Ахметова жолдың қалыпты қозғалысының көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүруінен бұзылатындығын, көшеде жол тәртібін бұзғандықтан қаншама балалардың машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, жарақат алып, өмірлік мүгедек болып қалғандығын баяндай келе, ұйымдастырылып отырған іс-шараның балалардың өмірі және олардың отбасы бақыты үшін маңыздылығын жеткізді. Сайыс барысында «Қызыл шам», «Сары шам», «Жасыл шам» тобы мүшелері өздерімен бірге қонақта болған «Бағдаршамның» алдында жол белгілері және көшеде жүру ережелері бойынша тапсырмаларды тиянақты орындады. 

Жол және өмір қауіпсіздігін сақтау болашақ ұрпақ және оның отбасы бақыты үшін маңызды болып табылатындықтан, осындай мазмұнды іс-шаралар әлі де жалғасын таба бермек.

06.12.2017