2019 жылдың 28 желтоқсаны Қазақстан Республикасында жалпы ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 1
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

06.12.2019
Кезектен тыс Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті

2019 жылдың 5 желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Әуезов аудандық филиалының төрағасы Сайран Сайфеденов, Алматы қалалық Мәслихаты депутаттарының, бастапқы партия ұйымдары басшыларының және партия мүшелерінің қатысуымен, партияның аудандық филиалының мәжіліс-залында жаңа бастапқы партия ұйымдарын құру мәселесі бойынша, кезектен тыс отырысын өткізді. 


Сайран Сайфеденов, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев, Қазақстанның бірлігін, Конституциясының, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ететін, тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушысы, «Nur Otan» басқарушы партияның төрағасы болып табылатынын атап айтты. 

«Қазір Қазахстанда нақты саяси тұрақтылық, ұлтаралық және дінаралық қатынастардың үйлесімділігі, тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы, халық жағдайы деңгейінің үздіксіз жоғарлауы мен халықаралық аренада еліміздің беделі үнемі нығаятыны байқалады», - деп, ол партия қатарына кіші және орта бизнестің және білім беру мекемелерінің (жекеменшік мектептер мен балабақшалар) басшылары қабылданып жатқанын айтты.


Сосын ол, жаңа партия мүшелерін құттықтап, ұзақмерзімді көшбасшылыққа бағытталған, 20-жылдық тарихы бар, партияның бір бөлігі болып табылатындықтарын айтты. Партия көшбасшысы айтқандай, біздің басты міндетіміз – «азаматтарға өткізіліп жатқан реформалардың маңызын жеткізіп, халық пен үкімет арасында «тікелей» байланысты қамтамасыз ету». 

Сондай-ақ, партияның қалалық филиалының төрағасы Б. А. Сағынтаев, партиялық актив алдында және біздің алдымызда, аудан мен қалада партияның әсері, рөлі әрі беделін арттыруға бағытталған, жаңа міндеттер қойылып және жүзеге асырылып жатқанын атап айтты. Партия Жарғысының 9.8 пунктіне сәйкес, Саяси кеңес Бюросы бастапқы партия ұйымдарының құрылуы, қайта құрылуы және тоқтатылуы туралы шешім қабылдауға өкілетті. 


Қатысушылар өз ойларымен және ұсыныстарымен бөлісті. Соңында бастапқы партия ұжымдарын құру туралы шешім мен қаулы қабылданды. Аудандық филиалдың төрағасы барлығына тұрақтылық, өркендеу мен денсаулық тілеп, «біздің бастамамыз нәтижелі, ал келешегіміз ашық болсын», - деп сөзін түйіндеді. 

Іс-шарадан кейін Сайран Сайфеденов, бастапқы партия ұйымы ашылған, жекеменшік балабақшаға барып шықты.

06.12.2019