Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.02.2018
Діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу мәселелері талқыланды

2017 жылдың 7 ақпаны күні Әуезов ауданының әкім аппараты, Алматы заң колледжінде аудан аумағында орналасқан колледждердің оқушыларына арнайы діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу және соған қарсы оқу орындарында жүргізілетін іс-шаралар жөнінде «Қазақстан жастары лаңкестікке қарсы!» тақырыбында ғылыми конференция өткізді. 


Аталмыш іс-шараға Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы, Алматы қаласы Діни істер жөніндегі басқарманың бас маманы Хамит Даниярұлы, Әуезов ауданы әкім аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бекжан Қуанышев, аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Айдар Нағашбеков және тағы басқалар қатысты. 


Семинар барысында қазіргі уақытта діни экстремизм мен лаңкестік әлемнің көптеген елдеріне қауіп тудырып отырғаны айтылды. Радикалды топ¬тар ақпараттық саясатты өте тиімді жүргізіп отыр, яғни, қазір радикалды діни топтар ме¬шіттерде емес, интернетте «бас қосатындықтары» жайлы жиі айтылып жүр. 

Мәселен, ИГИЛ ұйымы әлеуметтік желілерде жаппай аккаунт құрып қоймай, сонымен қатар 5 тілде журнал шығарады. Осындай ақпараттар басқа мемлекеттердегі, олардың мүшесі емес азаматтарды террорлық әрекеттерге итермелеуі мүмкін. Сондықтан барлық күш ақпаратқа қарсы жұмылдырылуы тиіс. Қоғамға, әсіресе, жастарға бұл ешқандай да «қасиетті соғыс» емес, шын мәнісінде, қылмыстық топтардың өздерінің бір ұсақ мүдделері үшін өзара күресі және олар басқа бір күштердің қолдарындағы «ойыншығы» екенін жеткізу маңызды.

07.02.2018