Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.03.2018
«Қазақ аруы» байқауы өткізілді

2018 жылдың 7 наурызы күні, «Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала қазынасы» бағыты аясында, Әуезов аумағында орналасқан Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қыз балалар лицейінде «Қазақ аруы» байқауы өткізілді. 

Қыз – ұлт болашағы. Атамыз қазақ о бастан қыз балалардың ақылды да ибалы, әдепті те мейірімді болып өсуіне мән беріп отырған. 

«Мен – қазақтың қызымын!», «Өнерлінің өрісі кең!», «Халқын сүйген – салтын сүйер!», «Мен қазақ қыздарына қайран қалам...», «Он саусағынан өнер тамған!», «Зерделінің ойы озық!», «Сән үлгісі!» кезеңдерінен тұрған аталмыш байқау қаракөз аруларымыздың жүріс-тұрысынан бастап өнерлері мен ұшқыр ойларын шыңдай түсті. Адалдыққа, әдемілікке баулыды. Өз елінің тарихымен, мәдениетімен тереңірек танысып, ана тілінің қадір-қасиетін түсінуіне септігін тигізді. 

Әділ қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдені Айдынбекқызы Зере, І орынды Ерал Фатманур, Сапаралы Мамыр, ІІ орынды Елжасова Аружан, Амантай Айдана, Ауесханова Айгерім, Даутбаева Алтынай, Рустемова Диана, ІІІ орынды Изатуллаева Нұрай, Салманова Зарема, Тажимуратова Алия иеленді. «Қазақ Аруы» атанған Зере Айдынбекқызына «күміспен қапталған, алтынмен апталған» тәжіні тағу бақыты бұйырды. 

Іс-шара соңында лицей директоры Ғалия Сегізбаева бастауыш партия ұйымы атынан бәсекеде бақ сынасқан аруларға рухани қолдау көрсетті.

07.03.2018