Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
26 27 28 29 30 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.03.2018
«Әйел – ізгіліктің, бейбітшіліктің, бақыттың белгісі!» атты мерекелік кеш өтті

2018 жылдың 7 наурызы күні, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының ұйымдастыруымен, мәжіліс залда, 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, «Әйел – ізгіліктің, бейбітшіліктің, бақыттың белгісі!» атты мерекелік кеш өткізілді. 


Ана еңбегін ардақтауға, құрметтей білуге бағытталған мерекелік кеш бүкіл адамзат баласына әлемнің жарығын сыйлап, ақ сүт беріп, әлпештеп өсірген ананың аялы алақаны мен жүрек жылуын сезіндірер Ш. Қалдаяқовтың «Ана туралы жыр» атты сазды әуенімен басталды. 

Кеш барысында «Нұр Отан» партиясының Әуезов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Омаров аналар мен қыз-келіншектердің қоғамдағы рөлін баяндай келе, жер бетіне өмір сыйлаушы, нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, еңбектеріне табыс, отбасыларына құт-береке тіледі. Мұрат Омаров бұдан әрі, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Алтай Рақымбетовтың ардақты аналарға арналған ыстық ықыласы мен жылы лебіздерін жеткізіп, құттықтау және алғыс хаттарын табыстап, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыстады. 

Тартымды өткен кеш бір қолымен бесікті тербетіп, бір қолымен әлемді тербеткен аяулы аналарымыздың, «Нұр Отан» партиясы Әуезов аудандық филиалының Саяси Бюросы және Саяси Кеңесінің әйел азаматтарының, сондай-ақ түрлі салада, мемлекеттік мекемелерде, ұйымдар мен партияларда, кәсіпорындар мен қоғамдық мекемелерде қызмет атқарып, еліміздің экономикасының дамуына елеулі үлес қосып, азаматтық белсенділік танытып жүрген қыз-келіншек, арулардың асқақ рухын көтерді.  

07.03.2018