Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі
аппаратының интернет-ресурсына қош келдіңіз!
A   A   A
Әуезов ауданы
әкімінің
аппараты
Сурет галереясы
Әкімге сұрақ
Задать вопрос Бұл жерде Сіз аудан
басшысына тікелей
сұрақ қоя аласыз
Жаңалықтар мұрағаты
Барлық жаңалықтар
Дү Се Сә Бс Жм Се Же
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

07.03.2018
Жастар арасында спорттық жарыс өткізілді

2018 жылдың 7 наурызы күні Әуезов аумағында орналасқан Алматы құрылыс-техникалық колледжінде, партияның «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ!» жобасы аясында, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Әнуәр Құрбанғалидің жетекшілігімен, жастар арасында шахмат және дойбыдан спорттық жарыс өткізілді. 


Іс-шараның мақсаты жастардың салауатты өмір салтын ұстана отырып, ақыл-ой қабілетінің дамуына ықпал ету, жылдамдық, ептілік рефлексін дамыту. 

Аталмыш жарысқа колледждің І және ІІ курс оқушылары өзара бақ сынасты. Нәтижесінде «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығында оқитын, 83 топ студенттері Мұхтархан Асқарбек I орынды, Нұрсеиіт Жасұлан II орынды, «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және оны пайдалану» мамандығында оқитын, 2 топ студенті Әркенов Камиль III орынды иеленді. 

Спорттық жарыс суденттердің бойында жеке тұлға және қоғамдық тәртіп нормаларын қалыптастырып, салауатты өмір салтын ұстануларына септігін тигізді. Кейбір келеңсіз қағидалар мен түсініктерден арылып, рухани тұрғыда жаңаша жаңғыруларына ықпал етті.

07.03.2018